https://sputnik.kz/20260731/almatyda-kolik-kop-zhuretin-koshelerde-qozgalys-shekteledi-65373326.html
Алматыда көлік көп жүретін көшелерде қозғалыс шектеледі
Алматыда көлік көп жүретін көшелерде қозғалыс шектеледі
Sputnik Қазақстан
Алдағы демалыс күндері Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелі салынады 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T17:43+0500
2026-07-31T17:43+0500
2026-07-31T17:44+0500
алматы
көлік
жол
https://sputnik.kz/img/281/15/2811529_0:554:5970:3912_1920x0_80_0_0_2d2779021ba1cf661d95fb451f870274.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі көлік көп жүретін екі көшеде қозғалысқа шектеу енгізілетінін хабарлады.Алдағы демалыс күндері Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелі салынады.Аталған жұмыстар қаланың газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және оны одан әрі дамытуға бағытталған. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары уақытша енгізілген шектеуді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.Ал "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіріп отыр.
https://sputnik.kz/20260606/astanada-marafonga-baylanysty-birneshe-koshe-zhabylady-63963115.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/15/2811529_340:0:5653:3985_1920x0_80_0_0_9f03e60971ac4789996dbd2757d1443d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, көлік, жол
Алматыда көлік көп жүретін көшелерде қозғалыс шектеледі
17:43 31.07.2026 (жаңартылды: 17:44 31.07.2026) Алдағы демалыс күндері Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелі салынады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі көлік көп жүретін екі көшеде қозғалысқа шектеу енгізілетінін хабарлады.
Алдағы демалыс күндері Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелі салынады.
"Осыған байланысты 2026 жылы 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 24:00-ге дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін аумақта автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Аталған жұмыстар қаланың газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және оны одан әрі дамытуға бағытталған. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары уақытша енгізілген шектеуді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ал "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіріп отыр.