Елорда тынысы

Астанада марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевБлаготворительный забег Run for Autism
Благотворительный забег Run for Autism - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Жазылу
Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Елордада 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Осыған байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады.
6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.
Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:
Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен "Қазақ радиосы" көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
"Қазақ радиосы" көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
Достық көшесі ("Қазақ радиосы" көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.
Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.
Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Массовый забег в Ботаническом саду Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Astana City Marathon: қандай көшелер жабылады
Жаңалықтар
0