Күйеуі ақша бермеген: Маңғыстау облысында әйел өзіне алимент өндіріп алды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта ерлі-зайыптының некесі заңды түрде бұзылмаған
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында күйеуінен материалдық көмек ала алмаған әйел сот арқылы өзіне алимент өндіріп алды, деп хабарлайды облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Тараптар 2024 жылы некеге тұрған. Олардың ортақ кәмелетке толмаған баласы бар. 2026 жылы сот бұйрығымен жауапкерден баланы асырауға алимент өндірілген. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптының некесі заңды түрде бұзылмаған.
"Талап қоюшы сотқа жүгініп, жауапкердің өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін айтқан. Осыған байланысты 2025 жылы туған баласы үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға алимент өндіруді сұраған", – делінген сот хабарламасында.
Сот талап қоюшының талабын негізді деп таныды. Нәтижесінде ер адам әйеліне ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Балқашта зейнеткер қызынан алимент талап етті – сот үкім шығарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Балқашта екі қабатты үйі мен көлігі бар зейнеткер қызынан алимент талап етті
Жаңалықтар
0