https://sputnik.kz/20260615/balqashta-eki-qabatty-uyi-men-koligi-bar-zeynetker-qyzynan-aliment-talap-etti-64123241.html
Балқашта екі қабатты үйі мен көлігі бар зейнеткер қызынан алимент талап етті
Балқашта екі қабатты үйі мен көлігі бар зейнеткер қызынан алимент талап етті
Sputnik Қазақстан
Сотта жалғыз өзі екі баланы асырап отырған қызы 85 мың айлық алатыны анықталды 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T15:23+0500
2026-06-15T15:23+0500
2026-06-15T15:23+0500
балқаш
зейнеткер
алимент
сот
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_0:26:1281:746_1920x0_80_0_0_dc1306b1ba282926476c6fb7d2f03280.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Балқашта туған қызынан алимент талап еткен зейнеткердің өтініші қанағаттандырылған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, зейнеткер қызынан ай сайын өз күтіміне 10 АЕК (2026 жылда - 43 250 теңге) мөлшерінде алимент өндіріп алуды талап етті. Айтуынша, күнделікті тұрмысқа және дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат қажет. Ал туған қызы материалдық көмек көрсетпейді. Заң бойынша кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті.Алайда қалалық сот талап қоюшының ай сайын 128 229 теңге көлемінде зейнетақы алатынын, сондай-ақ оның екі қабатты тұрғын үйі мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі бар екенін анықтаған. Туған қызы болса, жалғыз өзі екі баланы асырып отыр. Сатушының көмекшісі ретінде айына 85 мың теңге жалақы алады.Сот зейнеткердің арызын қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келген. Балқаш тұрғыны апелляциялық шағым түсірмеді.
https://sputnik.kz/20250819/oralda-zeynetaqy-kolemine-konili-tolmagan-qariya-sotqa-zhugindi-56443144.html
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_55:0:1192:853_1920x0_80_0_0_6d26e5c09eceb0ce11001f0b4724b9a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, зейнеткер, алимент, сот
балқаш, зейнеткер, алимент, сот
Балқашта екі қабатты үйі мен көлігі бар зейнеткер қызынан алимент талап етті
Сотта жалғыз өзі екі баланы асырап отырған қызы 85 мың айлық алатыны анықталды
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Балқашта туған қызынан алимент талап еткен зейнеткердің өтініші қанағаттандырылған жоқ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, зейнеткер қызынан ай сайын өз күтіміне 10 АЕК (2026 жылда - 43 250 теңге) мөлшерінде алимент өндіріп алуды талап етті. Айтуынша, күнделікті тұрмысқа және дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат қажет. Ал туған қызы материалдық көмек көрсетпейді. Заң бойынша кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті.
Алайда қалалық сот талап қоюшының ай сайын 128 229 теңге көлемінде зейнетақы алатынын, сондай-ақ оның екі қабатты тұрғын үйі мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі бар екенін анықтаған. Туған қызы болса, жалғыз өзі екі баланы асырып отыр. Сатушының көмекшісі ретінде айына 85 мың теңге жалақы алады.
"Сотта зейнеткер үздіксіз күтімді қажет ететінін немесе қолындағы қаражаттың негізгі өмірлік қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екенін растайтын құжат көрсеткен жоқ. Сонымен қатар оған ұлының материалдық көмек көрсететіні анықталған. Ал зейнетақы мөлшері ең төменгі жалақыдан жоғары", - дейді сот.
Сот зейнеткердің арызын қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келген. Балқаш тұрғыны апелляциялық шағым түсірмеді.