Астанадағы "Болашақ ойындарында" фиджитал-баскетболды қалай ойнап жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевФиджитал баскетбол
Фиджитал баскетбол - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Матч екі кезеңнен тұрады. Алдымен командалар 3on3 Freestyle видео ойынында 2-ге 2 ойнайды да, содан кейін нағыз баскетбол алаңына ығысады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі Астанадағы 2026 жылғы "Болашақ ойындарынд" фиджитал-баскетболды қалай ойнап жатқанын біліп қайтты.
30 шілдеде 2026 жылғы "Болашақ ойындарында" фиджитал-баскетбол жарысының топтық кезеңі жалғасып жатыр. Бұл ойынға он алты команда қатысады.
Матч екі кезеңнен тұрады. Алдымен командалар 3on3 Freestyle видео ойынында 2-ге 2 ойнайды да, содан кейін нағыз баскетбол алаңына ығысады. Цифрлық бөлім 10 минутқа немесе 19 ұпай жиналғанға дейін созылады.
Содан кейін қатысушылар нағыз баскетбол алаңына ығысып, бес минуттық жаттығудан кейін олар жеті минуттық матч ойнайды, ал видео ойында жиналған ұпайлар нағыз ойынға көшіріледі.
"Содан кейін біз сол командалармен бірге ойынның физикалық бөлігіне ауысамыз. Командаларға жаттығуға бес минут беріледі де, содан кейін командалар физикалық кортта жеті минут бойы жарысады. Ең жоғары ұпай - 39. Осы ұпайға жеткен команда жеңімпаз болып саналады", - деді фиджитал-баскетбол бойынша бас төреші Вячеслав Дьяченко.
© Sputnik / Санат ИмангалиевФиджитал-баскетбол бойынша бас төреші Вячеслав Дьяченко
Главный судья по фиджитал баскетболу Вячеслав Дьяченко - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Фиджитал-баскетбол бойынша бас төреші Вячеслав Дьяченко
Он төрт төреші, соның ішінде компьютерлерде ойынның әділдігін бақылайтын цифрлық төрешілер ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
"Бұл жас ұрпақ үшін болашақтағы үлкен мүмкіндік. Барлығы компьютер ойнайды, ойындар көреді... Бұл жастардың сыртқа шығуына, ойнауына және физикалық тұрғыдан дайындалуына мүмкіндік", - депді "Минск" командасының мүшесі Тимофей Поролев.
Фиджитал-спорт цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерін біріктіреді. Биылғы "Болашақ ойындары" бағдарламасына Counter-Strike 2, Dota 2, PUBG және Just Dance сияқты сегіз физикалық жарыс түрі кіреді.
Астанадағы Болашақ ойындарын  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Тоқаев елордадағы "Болашақ ойындарын" ашық деп жариялады
Жаңалықтар
0