Тоқаев елордадағы "Болашақ ойындарын" ашық деп жариялады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы "Болашақ ойындарын"
Астанадағы Болашақ ойындарын  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Елордамызға 30-дан астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Болашақ ойындарын" ашық деп жариялады.
Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде президент Ресей басшысы Владимир Путинге алғыс білдірді.
"Баршаңызға мәлім, Болашақ ойындары" Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы президент Владимир Путиннің арқасы деуге негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды", - деді президент.
Тоқаев бірінші дода Қазан қаласында өтіп, содан кейін Әбу-Дабиде жалғасын тапқанын еске салды.
"Ал бүгін бәріміз Ұлы дала төсінде бас қосып отыр. Елордамызға 30-дан астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді. Астанадағы "Болашақ ойындары" классикалық спорт пен кибериндустрияны тоғыстырған фиджитал қозғалысқа тың серпін берді деп сенемін", - деді Тоқаев.
Астанада Болашақ ойындары – 2026 турнирінің ашылу салтанаты басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Астанада "Болашақ ойындары – 2026" турнирінің ашылу салтанаты басталды
Жаңалықтар
0