https://sputnik.kz/20260729/zhulyny-uzilgen-alakolde-gidrotsikl-minip-azhal-qushqan-marqumnyn-tuystary-adildik-izdeydi-65318100.html
"Жұлыны үзілген": Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді
"Жұлыны үзілген": Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді
Sputnik Қазақстан
Гидроцикл тізгіндеген жігіт алкоголді мас күйде болған 29.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-29T22:35+0500
2026-07-29T22:35+0500
2026-07-29T22:35+0500
алакөл
соқтығысу
қылмыс
https://sputnik.kz/img/old/744/27/7442798_0:25:600:363_1920x0_80_0_0_3ff1b2249dee0740442ba737a117cd1b.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Алакөл жағалауына демалуға барып ажал құшқан ер адамның туыстары әділдік іздейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алакөл көлінде екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды. Қайғылы жағдай 17 шілдеде болған. Қайтыс болған ер адамның туыстары әділдік іздеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.Оның айтуынша, гидроцикл тізгіндеген жігіт алкоголді мас күйде болған."Жас жігіт мас болған. Бұл істі Алакөл ауданы Үшарал қаласының тергеушілері әлі қарастырмаған. Қарастырып жатқан жоқ та! Интернет пабликтерде жалған ақпараттар таралуда. Кінәлі жігіт әлі бостандықта жүр. Тергеушілер бізге әлі ешқандай ақпарат бермеді", - дейді марқұм болған ер адамның туыстары.Бұл шағымға қатысты Sputnik Қазақстан тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментіне хабарласты, Айтуларынша, күдікті бостандықта жүрген жоқ.Қылмыстық іс Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, дейді полицияда.
https://sputnik.kz/20260720/alakolde-eki-gidrotsikl-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty-65046123.html
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/744/27/7442798_42:0:559:388_1920x0_80_0_0_ebf2c30e8281855ece6bbe0db1dad655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алакөл, соқтығысу, қылмыс
алакөл, соқтығысу, қылмыс
"Жұлыны үзілген": Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді
Гидроцикл тізгіндеген жігіт алкоголді мас күйде болған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Алакөл жағалауына демалуға барып ажал құшқан ер адамның туыстары әділдік іздейді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Алакөл көлінде екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды. Қайғылы жағдай 17 шілдеде болған. Қайтыс болған ер адамның туыстары әділдік іздеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
"Кешкі 19:30 шамасында менің ағамды Бескөл ауылының 21 жастағы тұрғыны гидроциклмен арт жағынан қағып кеткен. Ағам сол жерде жан тапсырды. Ағамның бес омыртқсы шытынап, жұлыны үзіліп кеткен. Ағатайым артына қарап та үлгермеген", - дейді марқұмның туысы.
Оның айтуынша, гидроцикл тізгіндеген жігіт алкоголді мас күйде болған.
"Жас жігіт мас болған. Бұл істі Алакөл ауданы Үшарал қаласының тергеушілері әлі қарастырмаған. Қарастырып жатқан жоқ та! Интернет пабликтерде жалған ақпараттар таралуда. Кінәлі жігіт әлі бостандықта жүр. Тергеушілер бізге әлі ешқандай ақпарат бермеді", - дейді марқұм болған ер адамның туыстары.
Бұл шағымға қатысты
Sputnik Қазақстан тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментіне хабарласты, Айтуларынша, күдікті бостандықта жүрген жоқ.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті полиция қызметкерлерінің күзетімен медициналық мекемеде жатты. Емдеу курсы аяқталып, медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін қадағалаушы органмен келісу арқылы оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралатын болады", - дейді Жетісу облыстық полиция департаментінде.
Қылмыстық іс Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, дейді полицияда.