Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

© Sputnik /Камшат АбдирайымАлакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Алакөл көлінің айдынында екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 17 шілдеде болған.
Қазіргі уақытта Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полиция Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және оларды байлауға арналған құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес, навигациялық оттармен жабдықталмаған шағын көлемді кемелерді қараңғы уақытта пайдалануға тыйым салынатынын ескертті.
"Шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін және шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін 108 әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті шағын кемелердің иелері мен пайдаланушыларын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тыйым салынған кезеңдерде кемелерді пайдаланудан бас тартуға шақырады.
Алаколь Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Алакөлде катер қағып кеткен әйел екі аяғынан айырылды
Жаңалықтар
0