Алакөлде катер қағып кеткен әйел екі аяғынан айырылды

© Sputnik/Ертай Сарбасов Sputnik /Камшат АбдирайымАлаколь Балхаш
Алаколь Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Алакөлде демалып жүрген әйелді катер қағып, ол екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көлде шомылып жүрген әйелді кері қозғалып келе жатқан катер жарақаттаған. Зардап шеккен зейнеткер шұғыл түрде ауруханаға жеткізіледі. Алған жарақаттарының ауырлығына байланысты дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір әйелдің жағдайы өте ауыр.
Жетісу облысы полициясының мәліметінше, оқиға Көктума ауылындағы Алакөл жағасында болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Парк аттракционов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Қызылордада аттракционда 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды
Жаңалықтар
0