Қызылордада аттракционда 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПарк аттракционов, архивное фото
Парк аттракционов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қызылордадағы аттракционда төтенше жағдай болып, жас жігіт екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қызылордадағы "Арай" саябағындағы аттракционда жазатайым оқиға салдарынан жас жігіт зардап шекті. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды. Науқас көпсалалы облыстық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жігіт ауыр жағдайда жеткізілген.
"2007 жылы туған науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Сол аяқты жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде ампутациялау және оң аяқты тобық буыны деңгейінде ампутациялау жүргізілді", - деді көпсалалы облыстық аурухана дәрігерлері.
"Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, дейді Қызылорда облысының полиция департаменті.
Нұрасыл Жаңабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
"Аяғым тайып кетті": Семейде студент абайсызда қолынан айырылды
Жаңалықтар
0