https://sputnik.kz/20260729/turkistan-oblysynda-tauga-shyqqan-eki-er-adamnyn-biri-zhartastan-qulap-koz-zhumdy-65315829.html
Түркістан облысында тауға шыққан екі ер адамның бірі жартастан құлап көз жұмды
Түркістан облысында тауға шыққан екі ер адамның бірі жартастан құлап көз жұмды
Sputnik Қазақстан
ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізді 29.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-29T20:23+0500
2026-07-29T20:23+0500
2026-07-29T20:23+0500
түркістан облысы
төтенше жағдай
тау шатқалы
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45767445_0:1:1280:721_1920x0_80_0_0_c8bd7075c013f08a45c95d21d73626a9.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында екі адам тауға шығып түсе алмай қалған. Біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізді.Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында теңіз деңгейінен 2400 метр биіктіктегі Шүңкілдек асуында болған."Ер адам досының жартастан құлап, қаза тапқанын айтқан. Оның айтуынша, өзі де тауда жүрген кезде денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен төмен түсе алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінде.Құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылды."Тікұшақтың көмегімен жетуі қиын таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмады", - дейді министрлікте.Сонымен қатар таудан 1978 жылы туған ер адамның мәйіті түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жартастан құлап, қаза болған.
https://sputnik.kz/20260718/almaty-oblysynda-tauga-shyqqan-qyz-zhardan-qulap-ketti-65027391.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45767445_160:0:1121:721_1920x0_80_0_0_03efa8d85392fffaa5f421b0c37eaf5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, төтенше жағдай, тау шатқалы
түркістан облысы, төтенше жағдай, тау шатқалы
Түркістан облысында тауға шыққан екі ер адамның бірі жартастан құлап көз жұмды
ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізді
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында екі адам тауға шығып түсе алмай қалған. Біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізді.
Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында теңіз деңгейінен 2400 метр биіктіктегі Шүңкілдек асуында болған.
"Ер адам досының жартастан құлап, қаза тапқанын айтқан. Оның айтуынша, өзі де тауда жүрген кезде денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен төмен түсе алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінде.
Құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылды.
"Тікұшақтың көмегімен жетуі қиын таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмады", - дейді министрлікте.
Сонымен қатар таудан 1978 жылы туған ер адамның мәйіті түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жартастан құлап, қаза болған.