Алматы облысында тауға шыққан қыз жардан құлап кетті

© Скриншот видео МЧС КазахстанаСпасатели МЧС эвакуировали пострадавшую девушку в горах Алматинской области
Спасатели МЧС эвакуировали пострадавшую девушку в горах Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Жазылу
Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы көмекті оқиға куәгері көрсеткен
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының таулы аймағында зардап шеккен қызды эвакуациялады.
Оқиға Букреев шыңы ауданында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте болған.
"ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп құтқару операциясын жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жардан құлап, басынан жарақат алған және өздігінен жүре алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті оқиға куәгері көрсеткен", – деп хабарлады ведомство.
Эвакуациялау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Кейін қыз "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасына тапсырылды.
Архивтені фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Алматы облысында тауда тұрған микроавтобус өздігінен жүріп кетті (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0