"Болашақ ойындары" елдер арасындағы достықтың "алтын көпіріне" айналады - президент

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
"Болашақ ойындары – 2026" турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Болашақ ойындары – 2026" сайысының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде бұл жарыс елдер арасындағы ынтымақтастықтың, достық пен келісімнің "алтын көпіріне" айналады деп сенім білдірді, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАстанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты
Токаев открыл Игры будущего в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Астанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты

"Бұл турнир кереғар дүниелерді бір арнаға тоғыстырады. Оның негізінде шынайы және виртуалды әлем арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдік жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ойынға қатысушылардың әрқайсысы тыңғылықты дайындықтан өткенін айтып, олар өз командаларының намысын абыроймен қорғауға әзір екенін еске салды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАстанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты
Токаев открыл Игры будущего в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Астанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты
"Үлкен спорт қай кезде де әртүрлі мәдениеттерді тоғыстырып, мемлекеттер мен халықтар арасын жақындатуға себепкер болған. Сондықтан жаһандық сын-қатерлер өршіп тұрған жағдайда осындай бірегей жобалардың мән-маңызы арта түсетіні анық. "Болашақ ойындары" елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың, достық пен келісімнің "алтын көпіріне" айналады деп сенемін", - деді мемлекет басшысы.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАстанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты
Токаев открыл Игры будущего в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Астанадағы "Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты
Президент сөз соңында осы тамаша спорт мерекесін өткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылық білдіріп, ұйымдастырушыларға, серіктестерге, төрешілер мен бапкерлерге, тиісті мамандарға және еріктілерге алғыс айтты.
"Бұл ойындар халықтарымыздың тамыры терең достығын бекемдейді, береке-бірлігін арттыра түседі деп сенемін. Спортшыларға сәттілік тілеймін! Біз сіздерден тартысты ойын күтеміз", - деді Тоқаев.
"Болашақ ойындары – 2026" турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бұл киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс.
Астанадағы Болашақ ойындарын  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Тоқаев елордадағы "Болашақ ойындарын" ашық деп жариялады
Жаңалықтар
0