Ақтауда "Sax Invest" қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Салымшылардың қаражаты құмар ойындарға, пәтер сатып алуға, жеке тұрғын үй салуға және басқа да мақсаттарға жұмсалған
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Ақтауда "Sax Invest" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық топ инвестициялық қор ретінде жасырынып, азаматтарға бағалы қағаздарға, қаржы құралдарына және басқа да активтерге инвестиция салуды ұсынған.
Сонымен қатар олар Африка елдеріндегі алмаз өндіру жөніндегі халықаралық жобаға қатысып жатқанын мәлімдеген.
"2018–2022 жылдар аралығында қылмыстық схемаға Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшы тартылған. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 9 млрд теңгеден асты", – дейді агенттік.
Салынған қаражаттың едәуір бөлігі компания есепшоттарына емес, ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылған.
Кейін бұл қаражат құмар ойындарға, пәтер сатып алуға, жеке тұрғын үй салуға және басқа да мақсаттарға жұмсалған.
"Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың сегіз мүшесін кінәлі деп танып, оларды 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Мемлекет кірісіне жеке тұрғын үй мен цифрлық активтер тәркіленді", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сонымен қатар азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың мүлкіне салынған тыйым сақталды. Оның ішінде екі автокөлік, екі пәтер және жер учаскесі бар.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Алматыда қаржы пирамидасы азаматтарды тарту арқылы жарты млрд теңгеден астам табыс тапқан
Жаңалықтар
0