Алматы әуежайына бір ғана компания иелік етеді

Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Түркияның TAV Airports басқарушы холдингі қалған 15 проценттік үлесті сатып алды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ Алматы әуежайындағы өз үлесін сатып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бәйтерек" ұлттық холдингіне кіретін компания бүгін "Алматы халықаралық әуежайы" жобасынан шыққанын мәлімдеді. Түркияның TAV Airports басқарушы холдингі қалған 15 проценттік үлесті сатып алды. Келісімшарттың сомасы - 133 млн доллар.
"Qazaqstan Investment Corporation" компаниясы осы жобаға Kazakhstan Infrastructure Fund арқылы қатысқан. 2021 жылы TAV Airports әуежайды басқаруға алғанда тікелей инвестициялар қоры 30 млн доллар құйып, әуежайдың акционерлер құрамына енген болатын. Сол кезде келісімнің жалпы сомасы 415 млн доллар болған.
Содан бері Алматы халықаралық әуежайы ауқымды трансформациядан өтті. Ал 2024 жылы инвестициялық бағдарлама аяқталды. Соның аясында біраз шаралар атқарылды. Олар:
53 500 шаршы метрлік жаңа халықаралық жолаушылар терминалы пайдалануға берілді;
VIP-терминал мен инженерлік желілер ғимараты салынды;
жүктерді өңдеудің заманауи жүйесі іске қосылды.
Бес жылдың ішінде әуежайдағы жолаушылар легі екі есеге - 5,6 млн адамнан 11,93 млн-ға дейін артты. Биыл алты айдың ішінде 5,76 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Ал табыстың жалпы көлемі 257,9 млн долларға жетті.
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Алматы әуежайына 362 млн доллар инвестиция тартылады
Жаңалықтар
0