https://sputnik.kz/20250506/almaty-auezhayyna-362-mln-dollar-investitsiya-tartylady-53214917.html
Алматы әуежайына 362 млн доллар инвестиция тартылады
Алматы әуежайына 362 млн доллар инвестиция тартылады
Sputnik Қазақстан
Бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады 06.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-06T12:18+0500
2025-05-06T12:18+0500
2025-05-06T12:18+0500
әуежай
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/06/53205739_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_247e17a5987101b4938755275044e9a7.jpg
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Алматы әуежайына 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады, деп хабарлайды көлік министрлігі.Көлік министрлігі мен "Алматы халықаралық әуежайы" меморандумға қол қойды.Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы жүзеге асырады:Биылдан бастап 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды.Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
https://sputnik.kz/20250506/vetnamdyq-kompaniya-qazaqstanda-auezhay-satyp-alady-53205124.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/06/53205739_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_bb661d3b3176439ccb1a1d2e29e382f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, алматы
Алматы әуежайына 362 млн доллар инвестиция тартылады
Бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Алматы әуежайына 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады, деп хабарлайды
көлік министрлігі.
Көлік министрлігі мен "Алматы халықаралық әуежайы" меморандумға қол қойды.
Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы жүзеге асырады:
2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ке өседі;
әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
Биылдан бастап 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды.
Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.