Павлодарда әйелдің басына мұз құлады: полиция кінәліні анықтады

© Sputnik / Kirill Kallinikov / Медиабанкке өтуМұз
Мұз - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Оқиғаға 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың абайсызда қатысы бар екені анықталды
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Павлодарда әйелдің басына мұз құлап, оның денсаулығына едәуір залал келтірілді.
Жедел-тексеру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады.
"Оқиғаға 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың абайсызда қатысы бар екені анықталды. Айтуынша, ол балконда мұзды сындырмақ болғанда абайсызда қолынан түсіп кетіп, өтіп бара жатқан әйелдің басына түскен", - деп жазылған хабарламада.
Болған оқиғадан шошынған балалар болған жайды үлкендерге айтпай, жасырып қалған.
Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қыздың ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді.
Полиция ата-аналарды балаларына қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жүйелі түрде түсіндіруге және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алуға шақырды.
Кәріз құдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Павлодарда кәріз құдығына түсіп уланғандардың несиесін өтеуге көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0