Аулада әйел адамды қағып кетті: көлік иесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРульдегі адам
Рульдегі адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Ер адамға қатысты қылмыстық іс жеке іс болып қаралған
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Көкшетауда аулада әйелді көлік қағып, ажал құшты. Көлік исіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.
Адамды қаққан езде көлік рулінде әйел болған, ал көліктің иесі - сол әйелдің күйеуі. Ер адамға қатысты қылмыстық іс жеке іс болып қаралған. Ол Қылмыстық кодекстің 349-бабының 3-бөлігімен тергелген.

"Сотқа дейінгі тергеу бойынша қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 3-тармағының негізінде рақымшылық актісін қолдануға байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы іс жүргізу шешімі қабылданды", - дейді Ақмола облысының полиция департаментінде.

Еске сала кетейік, биыл мамырда аулада кетіп бара жатқан әйелді жол талғамайтын көлік таптап өтіп кетті. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Көліктің рөлінде болған әйел 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Алтайда қазақстандықтар мінген көлік жол апатына түсті – екі адам ауруханада көз жұмды
Жаңалықтар
0