https://sputnik.kz/20260728/altayda-qazaqstandyqtar-mingen-kolik-zhol-apatyna-tusti--eki-adam-aurukhanada-qaytys-boldy-65273337.html
Алтайда қазақстандықтар мінген көлік жол апатына түсті – екі адам ауруханада көз жұмды
Алтайда қазақстандықтар мінген көлік жол апатына түсті – екі адам ауруханада көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Тексеріс кезінде әйелдің рөлге мас күйінде отырғаны анықталды 28.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-28T17:57+0500
2026-07-28T17:57+0500
2026-07-28T18:03+0500
қазақстан азаматы
жол апаты
алтай
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алтай Республикасында Қазақстан азаматтары мінген көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан осы елдің ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 27 шілде күні кешкі уақытта Акташ ауылының жанында болған. Сол жерде тұратын 31 жастағы әйел Toyota Avensis көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, Chevrolet Nexia-мен соқтығысқан. Ол көлікте Қазақстанның бес азаматы - 40 жастағы көлік иесі, 44 жастағы әйел, 63 жастағы екі ер адам және 13 жастағы қыз болған.Барлығы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ екеуі - 40 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болды.Toyota-да болған 21 жастағы жолаушы да ауруханаға жатқызылды. Ал рөлде болған әйел ауыр жарақат алған жоқ. Оны ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
https://sputnik.kz/20260726/beton-qorshauga-sogylgan-almatydagy-zhol-apaty-videokameraga-tusip-qaldy-65220221.html
алтай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан азаматы, жол апаты, алтай
қазақстан азаматы, жол апаты, алтай
Алтайда қазақстандықтар мінген көлік жол апатына түсті – екі адам ауруханада көз жұмды
17:57 28.07.2026 (жаңартылды: 18:03 28.07.2026) Тексеріс кезінде әйелдің рөлге мас күйінде отырғаны анықталды
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алтай Республикасында Қазақстан азаматтары мінген көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан осы елдің ішкі істер министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 27 шілде күні кешкі уақытта Акташ ауылының жанында болған. Сол жерде тұратын 31 жастағы әйел Toyota Avensis көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, Chevrolet Nexia-мен соқтығысқан. Ол көлікте Қазақстанның бес азаматы - 40 жастағы көлік иесі, 44 жастағы әйел, 63 жастағы екі ер адам және 13 жастағы қыз болған.
Барлығы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ екеуі - 40 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Toyota-да болған 21 жастағы жолаушы да ауруханаға жатқызылды. Ал рөлде болған әйел ауыр жарақат алған жоқ. Оны ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
"Тексеріс кезінде әйелдің рөлге мас күйінде отырғаны анықталды. Оның көлік жүргізуге құқығы да болмады", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.