"Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

© Sputnik / Болат ШайхиновАбылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Мырзахметов бостандыққа шықса да, бір жылдан астам уақыт бойы пробациялық бақылауда болады
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов түрмеден шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2024 жылы Мырзахметов екі жыл алаяқтық жолмен 13,9 млрд теңгені жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Түрмеде өткізген екі жылдың ішінде Мырзахметов бірнеше рет көзге түсіп, оң тәртіптің екінші деңгейіне де жеткен. Осының негізінде сотқа жүгініп, жазаның қалған мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.
Мырзахметов бостандыққа шықса да, бір жылдан астам уақыт бойы пробациялық бақылауда болады. Осы уақыттың ішінде заңмен белгіленген шектеулерге бағынуы тиіс. Қазақстан аумағынан шығуға да тыйым салынған.
Айта кетері, екі жыл бұрын Мырзахметов ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылған.
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қоғам
Абылай Мырзахметов пара үшін ұсталды – Антикор
Жаңалықтар
0