Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

© Sputnik / Абзал КалиевАбылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Абылай Мырзахметов 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Б.-ға ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Б.-ны қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айта отырып, жаңылыстырып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, алаяқтық жасау жолымен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд. теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырған.
Прокурор айыптауды қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды, қорғаушылар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот үкімімен Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мырзахметовтің мүлкіне салынған тыйым сақталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қоғам
Абылай Мырзахметов пара үшін ұсталды – Антикор
Жаңалықтар
0