Өскеменде сарбазға іздеу жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Ол әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінде сарбазға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен", - деп жазды Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі.

Мәліметте сарбаздың өзімен қаруы болмағаны айтылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін.

"Белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы – қысқа, бетінде меңдері бар. Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - дейді әскери полиция.

Осыған байланысты полиция Қазақстан азаматтарынан сарбаздың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды. Берілген ақпарат құпия сақталады.
Архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді
Жаңалықтар
0