Сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді

Архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Сарбаздың денесінде зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Екінші наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішовтің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 10 сәуірде шекара қызметінің қызметкерлері сарбазды іздеу барысында оның мәйітін тапты.
ҰҚК қатардағы жауынгер жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағында іздеу шаралары жүргізілгенін айтты. Іздеуге сарбаздың туыстары да қатысқан.
Соның барысында сарбаздың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегенін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосына хабар берілді.
"9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім элементтері табылғанын хабарлады. 10 сәуірде шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын тексеру үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, соның барысында Бердішовтың мәйіті табылды", - делінген комитет таратқан ақпаратта.
Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.
Алдын ала диагноз – механикалық асфиксия. Сарбаздың денесінде зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.
11 сәуірде шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.
Айта кетері, Ұлықбек Бердішов "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген.
Жаңалықтар
0