Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен - видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКөлік рулі
Көлік рулі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Көкшетауда ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен.
Түнде дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған. Таң қаларлығы, бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.
Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Ақтөбеде бір топ ер адам таксиде отырған жолаушыны жүксалғышқа салып ұрлап кеткен
Жаңалықтар
0