Ақтөбеде бір топ ер адам таксиде отырған жолаушыны жүксалғышқа салып ұрлап кеткен

© Photo : Polisia.kz
Жазылу
Адам ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнекамерасына түсіп қалған
АЛМАТЫ, 23 шіле - Sputnik. Ақтөбеде жол бойындағы жанжал адам ұрлығымен аяқталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
102 арнасына бірнеше адамның ер азаматты күштеп автокөліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. Адамды ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнекамерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады.
"Оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Ескерту жанжалға ұласқан. Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен өз шаруасымен шыққан кезде олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан", - дейді полиция.
Артынша күдіктілер жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып әкеткен.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.