https://sputnik.kz/20260318/talgarda-er-adamdy-oltirip-balany-urlap-ketken-qaskoy-sottaldy-62003051.html
Талғарда ер адамды өлтіріп, баланы ұрлап кеткен қаскөй сотталды
Талғарда ер адамды өлтіріп, баланы ұрлап кеткен қаскөй сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотталушы кәмелетке толмаған екі баланы қылмысқа тартқан 18.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-18T20:19+0500
2026-03-18T20:19+0500
2026-03-18T20:19+0500
талғар
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында бұрынғы ғашығының ағасын өлтіріп, баласын алып қашқан ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сот.Резонанс тудырған қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушылар орындығында үш адам отырды, екеуі кәмелетке толмаған.Кейіннен басты сотталушы екі кәмелетке толмаған баланы қылмысқа тартқан. Олар жәбірленуші келіншектің ағасын өлтіріп, кейін оның баласын ұрлап кеткен.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетейік, жаңа ұстатқан жағдай былтыр 8 қыркүйекте болды. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында тал түсте ер адамды атып, сәбиді ұрлап кетті.Қылмыстық оқиғаға қатысты сот былтыр 4 желтоқсанда басталды.
https://sputnik.kz/20251204/talgarda-er-adamdy-atyp-qyzdy-urlap-ketti-sot-bastaldy-59340279.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талғар, сот үкімі
Талғарда ер адамды өлтіріп, баланы ұрлап кеткен қаскөй сотталды
Сотталушы кәмелетке толмаған екі баланы қылмысқа тартқан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында бұрынғы ғашығының ағасын өлтіріп, баласын алып қашқан ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сот.
Резонанс тудырған қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушылар орындығында үш адам отырды, екеуі кәмелетке толмаған.
"Сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзған, жеке құпия саналатын мәліметтерді таратқан. Оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлау мен зорлық-зомбылық жасаған. Ол сондай-ақ жәбірленушінің туыстарының үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіремін деп қорқытқан", - дейді сот.
Кейіннен басты сотталушы екі кәмелетке толмаған баланы қылмысқа тартқан. Олар жәбірленуші келіншектің ағасын өлтіріп, кейін оның баласын ұрлап кеткен.
"Басты сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған екі сотталушының әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді облыстық сот.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, жаңа ұстатқан жағдай былтыр 8 қыркүйекте болды. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында тал түсте ер адамды атып, сәбиді
ұрлап кетті.Қылмыстық оқиғаға қатысты сот былтыр 4 желтоқсанда
басталды.