Талғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды

© Sputnik / Айдана ДайыроваТалғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды
Талғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Қызыл Қайрат ауылында тал түсте ер адамды атып, сәбиді ұрлап кетті. Қоғамда резонанс тудырған қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
6 қыркүйекте Қызыл Қайрат ауылында Ернар Тұрғанбековты тал түсте атып өлтірген болатын. Күдікті марқұмның қарындасына қырындап, қыр соңынан қалмай қойған. Ер адамдардың арасында жанжал болған. Соңында күдікті басқа некеден баласы бар ғашығының ағасын өлтіріп, баланы алып қашып кетеді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды
Талғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Талғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды
Бүгін алғашқы сот отырысы басталды.
Қылмысқа үш адам күдікті деп танылды. Басты сотталушы – 27 жастағы Еламан Айғазинов және екі кәмелетке толмаған жасөспірім.
Негізгі сотталушыға 12 бап бойынша айып тағылған:
1.
99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – адамдар тобы болып кісі өлтіру;
2.
125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау;
3.
120-бап, 1-бөлік – зорлау;
4.
121-бап, 1-бөлік – сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері;
5.
190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – адамдар тобы болып алаяқтық жасау;
6.
147-бап, 5-бөлік – жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу;
7.
149-бап, 2-бөлік – тұрғын үйге заңсыз кіру;
8.
115-бап – адам өлтіремін деп қорқыту;
9.
287-бап, 3-бөлік – атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау;
10.
288-бап, 1-бөлік – қаруды заңсыз жасау және сақтау;
11.
200-бап, 1-бөлік – бөтен көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз пайдалану;
12.
132-бап, 4-бөлік – кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту.
Ал сотталушы кәмелетке толмаған екі жасөспірімге "адамдар тобы болып кісі өлтіру" және "кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау" баптары бойынша айып тағылып отыр.
"Қылмыстық Кодекстің 120, 147 баптарымен іс қаралатындықтан сот жабық түрде өтеді, БАҚ өкілдерін қатыстыра алмаймыз. Өйткені жыныстық тиіспеушілікке және жеке бастың мәселесіне қатысты ақпараттар айтылады", - деді судья.
Осылайша сот отырысы жабық өтетін болды. Күдіктілердің қорғаушылары бұл шешімді бір ауыздан қолдаса, жәбірленуші тарап БАҚ өкілдерін қатыстыруды сұрады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваМарқұм Ернар Тұрғанбековтың анасы мен әйелі
Талғарда ғашығының ағасын атып өлтірген адамның соты басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Марқұм Ернар Тұрғанбековтың анасы мен әйелі
Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Еламан Айғазинов қызды ұнататынын айтып, қыр соңынан қалмаған. Тіпті отбасына келіп, қоқан-лоққы көрсетумен болған. Соңғы рет іздеп келгенінде қыздың жеңгесі мен анасын пышақпен қорқытып, ағасын жолда атып өлтірді. Онымен қоймай қыздың баласын ұрлап алып қашып, жол апатына түскен.
Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат ауылында тал түсте ер адамды атып, сәбиді ұрлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Талғарда ер адамды атып, қызды ұрлап кетті: марқұмның туыстары мән-жайды айтты
Жаңалықтар
0