Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды қайта бастады

© Пресс-служба Каспийского трубопроводного консорциумаКаспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды қайта бастады
Каспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды қайта бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы тиеу операцияларын қайта бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстаннның энергетика министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жүзеге асырылып жатыр. Екеуі де "Теңізшевройл" ЖШС мұнайын қабылдап жатыр.

"Мұнай қабылдаудың қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспорттық операцияларды қайта бастауға мүмкіндік береді",-дейді министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Барлық операция ағымдағы жағдай мен қауіпсіздік талаптарын ескеріле отырып атқарылады.
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды уақытша тоқтатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды уақытша тоқтатты
Жаңалықтар
0