Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды уақытша тоқтатты

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды уақытша тоқтатты
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды уақытша тоқтатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
Каспий құбыр консорциумының құбыржолы Қазақстанның мұнай экспортының 80%-ын тасымалдайды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. КҚК мұнай айдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.
Олар Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысқа дайын екенін атап өтті.
Бұған дейін БАҚ дереккөздерге сілтеме жасай отырып, КҚК-ның Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатқанын хабарлаған болатын.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі серіктес елдерді КҚК теңіз терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды. Елдің Энергетика министрлігі де маңызды энергетикалық инфрақұрылымға жататын, тек азаматтық сипаттағы нысандарға мұндай шабуылдар жасауды қабылданбайтын әрекет деп санайтынын мәлімдеген болатын.
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыржолы арқылы Қазақстанның мұнай экспортының 80%-ы тасымалданады.
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты - БАҚ
Жаңалықтар
0