https://sputnik.kz/20260722/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-qazaqstannan-munay-qabyldaudy-toqtatty---baq-65099358.html
Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты - БАҚ
Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты - БАҚ
Sputnik Қазақстан
17 және 19 шілдеде дрондар теңіз терминалының жанындағы кемелерге тағы шабуыл жасады 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T13:41+0500
2026-07-22T13:41+0500
2026-07-22T13:43+0500
мұнай
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65055981_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_2dd7f69fbafe85383d17606d80185e9a.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы танкерлерге жасалған шабуылдан кейін Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап.Хабарламада терминалдың мұнай қоймалары толғаны айтылды.Каспий құбыр консарциумы Sputnik Қазақстан сауалына түсініктеме беруден бас тартты.Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.КҚК терминалында қазақстандық мұнайды тиеу бұған дейін де уақытша тоқтатылды. Энергетика министрлігі маңызды энергетикалық инфрақұрылымның азаматтық нысандарына мұндай шабуылдар жасалуына жол берілмеу керек деп санайды. Тиеу айлақтарына зақым келген жоқ, деп толықтырды ведомствода.Еске салайық, Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы жіберіледі.
https://sputnik.kz/20260720/tankerlerge-zhasalgan-shabuylga-khalyqaralyq-qauymdastyq-tiisti-baga-berui-kerek--resey-sim-65061968.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65055981_81:0:1200:839_1920x0_80_0_0_5f2e33d416a5d8eb57f5ef974c3f71d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, ресей
Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты - БАҚ
13:41 22.07.2026 (жаңартылды: 13:43 22.07.2026) 17 және 19 шілдеде дрондар теңіз терминалының жанындағы кемелерге тағы шабуыл жасады
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы танкерлерге жасалған шабуылдан кейін Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Хабарламада терминалдың мұнай қоймалары толғаны айтылды.
Каспий құбыр консарциумы Sputnik Қазақстан сауалына түсініктеме беруден бас тартты.
Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.
"Қара теңіз акваториясына КҚК терминалдарында мұнай тиеу мақсатында кіретін азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасудың барлық мүдделі тараптар бұрын келіскен тетігінің әдейі ескерілмегені ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл азаматтық кемелер экипаждарының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірді", - деді сыртқы істер министрлігінде.
КҚК терминалында қазақстандық мұнайды тиеу бұған дейін де уақытша тоқтатылды. Энергетика министрлігі маңызды энергетикалық инфрақұрылымның азаматтық нысандарына мұндай шабуылдар жасалуына жол берілмеу керек деп санайды. Тиеу айлақтарына зақым келген жоқ, деп толықтырды ведомствода.
Еске салайық, Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы жіберіледі.