https://sputnik.kz/20260720/tankerlerge-zhasalgan-shabuylga-khalyqaralyq-qauymdastyq-tiisti-baga-berui-kerek--resey-sim-65061968.html
Танкерлерге жасалған шабуылға халықаралық қауымдастық тиісті баға беруі керек – Ресей СІМ
Танкерлерге жасалған шабуылға халықаралық қауымдастық тиісті баға беруі керек – Ресей СІМ
Sputnik Қазақстан
Мәскеу халықаралық қауымдастықтың тиісті реакция білдірмеуін "ымырашылдық және Киевтің саясатын қолдау" деп бағалайтынын айтты 20.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-20T20:22+0500
2026-07-20T20:22+0500
2026-07-20T20:22+0500
мұнай
шабуыл
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62263690_0:255:3013:1950_1920x0_80_0_0_3ab60c404745ee4d7d430df319a12dec.jpg
АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова халықаралық қауымдастықты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдарға тиісті баға беруге шақырды.Захарова КҚК маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдардың артында Киев тұрғанына еш күмән жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл КҚК нысандарына жасалған бесінші шабуыл. Консорциум Ресей, Қазақстан, АҚШ және бірқатар Еуропа елінің мұнай-энергетика саласындағы ірі компанияларын біріктіреді.Ресей СІМ өкілі Мәскеу бұл шабуылды "террорлық акт" деп бағалап, оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар барлық тарапты айыптайтынын айтты.Оның айтуынша, халықаралық қоғамдастық тарапынан "адекватты реакция болмауы" Мәскеу үшін Киевтің саясатын қолдау ретінде қабылданады.КҚК құбыры арқылы Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайының шамамен 80%-ы тасымалданады.
https://sputnik.kz/20260720/ekonomist-kqk-tankerlerine-shabuyldyn-saldary-turaly-pikir-bildirdi-65061708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62263690_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_bb993538a8016c45cd6dec8e2841141c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, шабуыл
Танкерлерге жасалған шабуылға халықаралық қауымдастық тиісті баға беруі керек – Ресей СІМ
Мәскеу халықаралық қауымдастықтың тиісті реакция білдірмеуін "ымырашылдық және Киевтің саясатын қолдау" деп бағалайтынын айтты
АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова халықаралық қауымдастықты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдарға тиісті баға беруге шақырды.
"Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің азаматтық нысанға жасалған шабуылды қатаң айыптаған ұстанымын қолдаймыз. Бұл шабуылды Киевтің әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздықты одан әрі күшейтуге ұмтылысының кезекті дәлелі деп санаймыз", – делінген хабарламада.
Захарова КҚК маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдардың артында Киев тұрғанына еш күмән жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл КҚК нысандарына жасалған бесінші шабуыл. Консорциум Ресей, Қазақстан, АҚШ және бірқатар Еуропа елінің мұнай-энергетика саласындағы ірі компанияларын біріктіреді.
Ресей СІМ өкілі Мәскеу бұл шабуылды "террорлық акт" деп бағалап, оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар барлық тарапты айыптайтынын айтты.
"Халықаралық қауымдастық Зеленский режимі жасаған кезекті әскери қылмысқа тиісті баға беруі керек", – деді Захарова.
Оның айтуынша, халықаралық қоғамдастық тарапынан "адекватты реакция болмауы" Мәскеу үшін Киевтің саясатын қолдау ретінде қабылданады.
КҚК құбыры арқылы Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайының шамамен 80%-ы тасымалданады.