Экономист КҚК танкерлеріне шабуылдың салдары туралы пікір білдірді

© Sputnik / Костис Нтантамис / Медиабанкке өтуТанкеры с нефтью
Танкеры с нефтью - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Соққы америкалық тарап жалға алған танкерлерге бағытталған
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Украина дрондарының Каспий құбыр консорциумының (КҚК) танкерлеріне шабуылы ең алдымен АҚШ-қа зиян келтіруі мүмкін. Қазақстандық экономист Әнуар Нұртазин Қырғызстанның Nomad TV телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
"Түсінгеніміздей, бұл жағдайда соққы америкалық тарап жалға алған танкерлерге бағытталған. Сондықтан негізгі шығын АҚШ тарапына келуі мүмкін", – деді сарапшы.
Оның айтуынша, Қазақстан келтірілген залалды өтеу үшін бірқатар халықаралық ұйымға жүгіне алады. Алайда мұндай қадам халықаралық арбитражда Қазақстан үшін тиімсіз прецедентке айналуы ықтимал.
Нұртазиннің пікірінше, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің халықаралық құқықтық алаңдағы саяси ықпалы әзірге жеткіліксіз.
Сонымен қатар, жағдайдан хабардар дереккөздің айтуынша, егер шабуыл салдарынан танкер жарылған жағдайда, сыртқы айлақ құрылғылары да зақымдануы мүмкін еді. Бұл КҚК-да тек бір ғана айлақ құрылғысының қалуына әкеліп, Қазақстанның мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы ықтимал еді.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі серіктес елдерді КҚК теңіз терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырған еді. Осы оқиғалардан кейін КҚК терминалында қазақстандық мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
КҚК құбыры арқылы Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайының шамамен 80%-ы тасымалданады.
Танкер и ВПУ на морском терминале КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді
Жаңалықтар
0