Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

© Пресс-служба Каспийского трубопроводного консорциумаТанкер и ВПУ на морском терминале КТК
Танкер и ВПУ на морском терминале КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Мұнайдың төгілуіне жол берілмеді
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында дрон шабуылына ұшыраған танкердің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, оқиға 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні болған. Шабуыл салдарынан "NELSA" танкерінде өрт шыққан, алайда төтенше жағдай жедел түрде ауыздықталған.
"Зардап шеккендер жоқ. Мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жүргізіліп жатыр", – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Ведомство Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.
КҚК – Қазақстан мұнайын экспортқа шығаратын негізгі бағыттардың бірі. Консорциум құбыры арқылы ел мұнайының шамамен 80%-ы тасымалданады.
КҚК теңіз терминалының маңында тағы бір танкерге шабуыл жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
КҚК теңіз терминалының маңында тағы бір танкерге шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0