https://sputnik.kz/20260720/kqk-teniz-terminalynyn-manynda-tagy-bir-tankerine-shabuyl-zhasaldy-65055122.html
КҚК теңіз терминалының маңында тағы бір танкерге шабуыл жасалды
КҚК теңіз терминалының маңында тағы бір танкерге шабуыл жасалды
Sputnik Қазақстан
Мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды 20.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-20T13:23+0500
2026-07-20T13:23+0500
2026-07-20T13:24+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:1075:605_1920x0_80_0_0_e0cabb08b2b0918cfb38f94909b5363f.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының акваториясында Украина қарулы күштері тарапынан азаматтық танкерге жаңа шабуыл жасалды. Бұл туралы КҚК хабарлады.Танкердің халықаралық экипажының 22 мүшесі (капитан мен аға көмекшісін қоспағанда) эвакуацияланды. Танкер суда қалды. Мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды. Резервуарларда мұнайдың төгілуі немесе жану оқиғасы тіркелген жоқ, дейді консорциум."19 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігінің шабуылдарды қатаң айыптауына қарамастан, 2026 жылдың 20 шілдесінде КҚК теңіз терминалында азаматтық мұнай танкеріне тағы да шабуыл жасалды... Біз КҚК-ға мүше мемлекеттерден бұл шабуылдарды айыптауды және халықаралық құқықты қатаң сақтай отырып, ҚР аумағындағы халықаралық консорциумдар өндірген көмірсутектерді экспорттауға пайдаланылатын инфрақұрылымға жасалатын шабуылдарды тоқтату жөніндегі нақты шараларды әзірлеуді күтеміз", — деп мәлімдеді консорциум.КҚК — Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға мұнай тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі маршрут болып табылады. Ол ел экспортының 80%-дан астамын қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20260719/qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligi-tankerlerge-zhasalgan-shabuyldy-qatan-ayyptaydy-65038063.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:807:605_1920x0_80_0_0_ae1e09253e74f0ccb64a00f7c6bec6ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
КҚК теңіз терминалының маңында тағы бір танкерге шабуыл жасалды
13:23 20.07.2026 (жаңартылды: 13:24 20.07.2026) Мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының акваториясында Украина қарулы күштері тарапынан азаматтық танкерге жаңа шабуыл жасалды. Бұл туралы КҚК хабарлады.
"№1-ші бір нүктелі айлақта (SPM) тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан NELSA танкеріне дронмен шабуыл жасалды. Кеменің оң жақ бортының артқы бөлігіне соққы тигеннен кейін палубада және танкер бөлімшелерінде өрт шықты. Өртті танкердің тиеу бригадалары мен теңіз кемелеріндегі КҚК-ның жедел әрекет ету топтары бірнеше сағат ішінде сөндірді", — делінген хабарламада.
Танкердің халықаралық экипажының 22 мүшесі (капитан мен аға көмекшісін қоспағанда) эвакуацияланды. Танкер суда қалды. Мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды. Резервуарларда мұнайдың төгілуі немесе жану оқиғасы тіркелген жоқ, дейді консорциум.
"19 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігінің шабуылдарды қатаң айыптауына қарамастан, 2026 жылдың 20 шілдесінде КҚК теңіз терминалында азаматтық мұнай танкеріне тағы да шабуыл жасалды... Біз КҚК-ға мүше мемлекеттерден бұл шабуылдарды айыптауды және халықаралық құқықты қатаң сақтай отырып, ҚР аумағындағы халықаралық консорциумдар өндірген көмірсутектерді экспорттауға пайдаланылатын инфрақұрылымға жасалатын шабуылдарды тоқтату жөніндегі нақты шараларды әзірлеуді күтеміз", — деп мәлімдеді консорциум.
КҚК — Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға мұнай тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі маршрут болып табылады. Ол ел экспортының 80%-дан астамын қамтамасыз етеді.