Қазақстанның сыртқы істер министрлігі танкерлерге жасалған шабуылды қатаң айыптайды

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистерство иностранных дел Казахстана
Министерство иностранных дел Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды.
"Аталған шабуылдарды Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне жол беруге болмайтын қол сұғушылық, сондай-ақ заңды халықаралық сауданы, жаһандық энергетикалық нарықтар мен халықаралық көлік-логистикалық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін тұрақсыздандыруға бағытталған қасақана әрекеттер ретінде қарастырамыз", - делінген мәлімдемеде.
Қара теңіз акваториясына КҚК терминалдарында мұнай тиеу мақсатында кіретін азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасудың барлық мүдделі тараптар бұрын келіскен тетігінің әдейі ескерілмегені ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл азаматтық кемелер экипаждарының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірді, дейді министрлік.
Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуды және қазақстандық көмірсутек шикізаты экспорты инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдауды талап етеді.
"Серіктес мемлекеттерді аталған шабуылдарды батыл айыптауға шақырамыз және барлық мүдделі тараптарды нақты іс-жүзіндегі шараларды бірлесіп әзірлеуге үндейміз. Халықаралық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтау ғана осындай оқиғалардың қайталануына жол бермейді деп есептейміз", - деп мәлімдеді министрік.
Қазіргі уақытта Қазақстан келтірілген залалға жан-жақты бағалау жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан өзінің заңды мүдделерін қорғау үшін халықаралық құқықта көзделген барлық тетіктерді, оның ішінде келтірілген залалды өтеу туралы талаптар қою құқығын қалдырады.
"Қазақстан Республикасы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің баламасы жоқ екенін атап көрсетеді, халықаралық құқық қағидаттарына, кеме қатынасы еркіндігіне және халықаралық көлік-логистикалық әрі энергетикалық бағыттардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бейілділігін растайды", - делінген мәлімдемеде.
КҚК терминалында мұнай тиеп жатқан екі танкерге шабуыл жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
КҚК терминалында мұнай тиеп жатқан екі танкерге шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0