Грузиядан экстрадицияланған Қазақстан азаматы 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

© AP Photo / Martin MejiaАрхивное фото человека в наручниках
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Ол биыл қаңтарда Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Синтетикалық есірткі өткізіп, қылмыстық кірісті заңдастырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ол аса ірі мөлшерде психотроптық заттардың заңсыз айналымымен, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырумен айналысатын қылмыстық топқа қатысқан.
"Бұл адам қылмыстық топтың мүшесі болған. Ол Алматы облысы аумағында аса ірі көлемде есірткі өндірісін ұйымдастырған. Кейіннен дайындалған психотроптық заттар осы облыс пен Алматы қаласының аумағында жасырын түрде таратылған", - дейді прокуратура.
Тексеру барысында қылмыстық топтан 10 келіге жуық психотроптық зат (мефедрон) алынды.
"1,8 млрд теңгеден астам сомада әртүрлі қаржылық операция және қосымша 600 миллион теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлікті, бизнес объектілерін және көлік құралдарын сатып алу арқылы заңдастырған. Мемлекет пайдасына аудару мақсатында бұл активтерге тыйым салынды", - дейді прокуратура.
Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігіне қатысты сот болып жатыр. Ал күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл қаңтарда ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды.
Оның қылмысы дәлелденген жағдайда, мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0