Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Күдіктілер каннабистің элиталық сұрыптарын өсірумен айналысқан
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп, есірткіні заңсыз өндірудің толық циклін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Қылмыстық топ құрамында есірткісі бар өсімдіктерді жасырын өсіруден бастап дайын өнімді VIP-санаттағы клиенттерге өткізуге дейінгі барлық кезеңді жүзеге асырған.
"Жойылған фитозертхана автоматтандырылған желдету жүйесімен, температураны, жарықтандыруды және суаруды бақылайтын датчиктермен жабдықталған. Онда жыл бойы құрамында есірткісі бар өсімдіктердің жоғары концентрациялы сұрыптары өсірілген, - деді Ішкі істер министрлігі.
Жасырын жеке кіреберісі бар жертөлені тінту барысында 29 түп қарасора, 27 кг дайын өнім, өсіруге арналған заманауи жабдық, электрондық ақпарат жеткізгіштер, байланыс құралдары, қылмыстық жолмен алынған үш миллион теңге көлеміндегі қаражат, сондай-ақ оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару тәркіленді.
"Аталған фитозертхананың ұйымдастырушысы - 40 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы каннабис тобына жататын есірткілерді өсіру технологиясын жан-жақты зерттеп, жер телімінде ауданы 100 шаршы метрден асатын арнайы салынған жеке ғимаратта жасырын өндірісті кеңейтуді жоспарлаған", - дейді полиция.
Ол осы мақсатта ол алыс шет мемлекеттерге арнайы барып, сала мамандарынан кеңес алған, каннабистің элиталық сұрыптарын өсіруге арналған арнайы жабдықтарға тапсырыс берген, заманауи технологияларды енгізіп, құрамында есірткісі бар жоғары концентрациялы шикізатты каннабиноидтық экстрактілерге майына қайта өңдеу тәсілдерін жетілдірген.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында оның қылмыстық байланысы анықталып, бұрын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның гаражын тінту кезінде скотчпен оралған 4 кг гашиш, сондай-ақ бөлшектеп буып-түйілген есірткі өнімдері, zip-пакеттер және есірткі тұтынуға арналған құралдар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық жолмен сатып алынған жылжымайтын мүлікке, қымбат автокөліктерге тергеп-тексеру аясында тыйым салынды.
Қарбыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Шымкенттік тұрғын үйіндегі қарбыз егілген аумаққа есірткі плантациясын жасырған
Жаңалықтар
0