Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер жөнелтілді

© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыРесей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер жөнелтілді
Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер жөнелтілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Жазылу
Тасымалдау көлемі 2019 жылдан бастап 27 есеге артты
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Омбыда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер салтанатты түрде жөнелтілді. Іс-шара XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ.
Миллионыншы контейнерді жөнелтуді "Кедентранссервис" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компаниясы) және "РЖД" ААҚ ұйымдастырды. Бұл Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық көлік серіктестігінің кезекті нәтижесі болды.
"Кейінгі жеті жылда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары Еуразияның негізгі контейнерлік дәліздерінің біріне айналды. Инфрақұрылымды дамытудың және екі ел теміржол әкімшіліктерінің жұмысын үйлестірудің арқасында маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2019 жылдан бастап 27 есеге артты. Атап айтқанда, 2019 жылы 11 мың контейнер болса, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 301 мың жиырма футтық эквивалентке жетті", - деп жазылған хабарламада.
Женский вагон в поезде - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
"Нұрлы жол – Орал" тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Жаңалықтар
0