"Нұрлы жол – Орал" тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"
Жазылу
Бұл құрамында әйелдер вагоны бар 13-ші пойыз
АСТАНА, 20 шілде - Sputnik. "Нұрлы жол – Орал" тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
"2 қыркүйектен бастап №81/82 "Нұрлы жол – Орал" бағытындағы тальго жолаушылар пойызында әйелдер вагоны енгізіледі. Бұл шешім жолаушылар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданды", - дейді ұлттық компания.
№81/82 "Нұрлы жол – Орал" пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды:
"Нұрлы жол" вокзалынан – жұп күндері сағат 23:55-те жөнелтіледі;
Орал станциясына – жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
Орал станциясынан – жұп күндері сағат 09:55-те жөнелтіледі;
"Нұрлы жол" вокзалына – тақ күндері сағат 15:04-те келеді.
Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған.
Бұл құрамында әйелдер вагоны бар 13-ші пойыз.
Мұндай қызметі бар бағыттар:
Бұл құрамында әйелдер вагоны бар 13-ші пойыз.
Мұндай қызметі бар бағыттар:
№77/78 "Алматы-2 – Маңғыстау";
№351/352 "Алматы-2 – Өскемен-1";
№45/46 "Павлодар – Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау – Семей";
№47/48 "Атырау – Нұрлы жол";
№33/34 "Алматы-1 – Ақтөбе";
№9/10 "Нұрлы жол – Алматы-2";
№71/72 "Нұрлы жол – Шымкент";
№24/23 "Ақтөбе – Алматы-1";
№25/26 "Алматы-2 – Шымкент";
№354/353 "Нұрлы жол – Семей";
№614/613 "Орал – Маңғыстау";
№81/82 "Нұрлы жол – Орал".
Айта кетері, әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ер балалардыңһ бірге алып жүруге рұқсат. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін "ӘЙ" белгісіне назар аудару қажет.
Айта кетері, әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ер балалардыңһ бірге алып жүруге рұқсат. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін "ӘЙ" белгісіне назар аудару қажет.
