"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады": 27 шілдеде ауа райы қандай болады

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Жазылу
Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" 2026 жылдың 27 шілдесіне жасалған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
44 градусқа дейін ыстық болады: үш күнге ауа райы болжамы жасалды
Жаңалықтар
0