44 градусқа дейін ыстық болады: үш күнге ауа райы болжамы жасалды

Жазылу
Батыс өңірлерге Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, 23-25 шілде аралығында солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
"Суық ауа массаларын әкелетін циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де әсер етеді", – дейді синоптиктер.
Ал елдің батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, күн айтарлықтай ысиды.
Күндіз ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аудандарда +40...+44 градусқа дейін аптап ыстық болады.
жара - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Алматыда тағы бір температуралық рекорд тіркелді
Жаңалықтар
0