https://sputnik.kz/20260726/aurukhanada-tegin-onaltu-kursynan-qalay-otuge-bolady-65200509.html
Ауруханада тегін оңалту курсынан қалай өтуге болады
Ауруханада тегін оңалту курсынан қалай өтуге болады
Sputnik Қазақстан
Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады 26.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-26T09:00+0500
2026-07-26T09:00+0500
2026-07-26T11:21+0500
аурухана
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/02/02/60853144_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_c27581d28f11b5178fc560cba23d1508.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада тегін оңалту курсынан өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгінде көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да өту болатынын біле бермейді. Медициналық оңалту қызметі тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Оңалту, әсіресе, инсульт, инфаркт, жарақат немесе операциядан кейін емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
https://sputnik.kz/20250306/zhetisu-oblysynda-mugedekter-ushin-tungysh-koshpeli-onaltu-zhobasy-iske-qosyldy-51405641.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/02/60853144_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_7547a25df52d384698610d26b84cccde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана, денсаулық сақтау министрлігі
аурухана, денсаулық сақтау министрлігі
Ауруханада тегін оңалту курсынан қалай өтуге болады
09:00 26.07.2026 (жаңартылды: 11:21 26.07.2026) Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада тегін оңалту курсынан өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгінде көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да өту болатынын біле бермейді. Медициналық оңалту қызметі тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі.
"Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер емдік дене шынықтыруды, физиотерапияны және басқа да оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады. Оңалту бағдарламасы әр пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына және жеке қажеттілігіне қарай әзірленеді", - дейді дәрігерлер.
Оңалту, әсіресе, инсульт, инфаркт, жарақат немесе операциядан кейін емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1-кезең – аурудың жедел кезеңінде (алғашқы 72 сағат ішінде), хирургиялық араласулар мен жарақаттар кезінде стационар деңгейінде жүргізіледі;
2-кезең – аурудан немесе жарақаттан кейінгі жедел және ерте қалпына келу кезеңінде (алғашқы 6 ай ішінде), сондай-ақ аурудың қалдық көріністері кезінде жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып стационарлық ұйымдарда жүзеге асырылады;
3-кезең – амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.