https://sputnik.kz/20250306/zhetisu-oblysynda-mugedekter-ushin-tungysh-koshpeli-onaltu-zhobasy-iske-qosyldy-51405641.html
Жетісу облысында мүгедектер үшін тұңғыш көшпелі оңалту жобасы іске қосылды
Жетісу облысында мүгедектер үшін тұңғыш көшпелі оңалту жобасы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз - Sputnik. Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызды жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды, деп... 06.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-06T18:47+0500
2025-03-06T18:47+0500
2025-03-06T18:47+0500
жетісу облысы
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/03/06/51405481_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_983ca44b9e53f0c99a3f55559a8ff8cf.jpg
АСТАНА, 6 наурыз - Sputnik. Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызды жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктегілер.Бұл жоба "Асар" мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында ұйымдастырылды.Жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы. Жалпы бағдарламада пациенттердің екі тобы қамтылған. Атап айтқанда, күндізгі шаралар өздігінен қозғала алмайтын азаматтарға бағытталып отыр. Ал сағат 21-ден 23-ке дейін түнгі топ жұмыс істейді.Бұл уақыт аралығында күндіз жұмыста болатындықтан орталыққа келе алмайтын мүгедек азаматтарға ем шаралары жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі сол, мамандар пациенттердің үйіне барып, оларға сауықтыру массажы мен емдік дене шынықтыру жасатады. Әр сеанс шамамен бір сағатты алады, әр пациентпен жеке жұмыс жүргізіледі. Көшпелі бригада құрамында массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен жүргізуші бар. Бұл ретте мамандардың жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы таңбаланған автокөлік сатып алынған.
https://sputnik.kz/20250113/qazaqstanda-biyl-23-balalardy-sauyqtyru-ortalygy-salynady-49932709.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/06/51405481_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_9007b632a09784e7429b6688157c33c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, әкімдік
Жетісу облысында мүгедектер үшін тұңғыш көшпелі оңалту жобасы іске қосылды
АСТАНА, 6 наурыз - Sputnik. Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызды жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды, деп хабарлайды
облыстық әкімдіктегілер.
Бұл жоба "Асар" мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында ұйымдастырылды.
Жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы. Жалпы бағдарламада пациенттердің екі тобы қамтылған. Атап айтқанда, күндізгі шаралар өздігінен қозғала алмайтын азаматтарға бағытталып отыр. Ал сағат 21-ден 23-ке дейін түнгі топ жұмыс істейді.
Бұл уақыт аралығында күндіз жұмыста болатындықтан орталыққа келе алмайтын мүгедек азаматтарға ем шаралары жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі сол, мамандар пациенттердің үйіне барып, оларға сауықтыру массажы мен емдік дене шынықтыру жасатады. Әр сеанс шамамен бір сағатты алады, әр пациентпен жеке жұмыс жүргізіледі.
Көшпелі бригада құрамында массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен жүргізуші бар. Бұл ретте мамандардың жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы таңбаланған автокөлік сатып алынған.