https://sputnik.kz/20250113/qazaqstanda-biyl-23-balalardy-sauyqtyru-ortalygy-salynady-49932709.html
Қазақстанда биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Қазақстанда биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында... 13.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-13T21:09+0500
2025-01-13T21:09+0500
2025-01-13T21:09+0500
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38313218_0:580:2047:1731_1920x0_80_0_0_4ebec9cc38d9063068132f238247a08d.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.Биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда.Қазіргі таңда қосымша білім берумен 3,3 млн бала қамтылған. Осы бағытта ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша мектептен тыс 1 713 ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Елімізде барлығы 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, 185-і маусымдық негізде жұмыс істейді.Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше назар аударылып келеді. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға проактивті форматта бірінші кезектілік басымдығымен тіркелу мүмкіндігі берілді.Жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен ж
https://sputnik.kz/20241210/balalardy-balabaqshamen-qamtu-korsetkishi-925-protsentke-zhetti-49160564.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38313218_0:388:2047:1923_1920x0_80_0_0_b6e0db1874391234ff4ff5ef9ac7f892.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
Қазақстанда биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда.
Қазіргі таңда қосымша білім берумен 3,3 млн бала қамтылған. Осы бағытта ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша мектептен тыс 1 713 ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Елімізде барлығы 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, 185-і маусымдық негізде жұмыс істейді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше назар аударылып келеді. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға проактивті форматта бірінші кезектілік басымдығымен тіркелу мүмкіндігі берілді.
Жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен ж