Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 92,5 процентке жетті

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту саласында 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 92,5%-ке жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Осы жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа орындар мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу, реконструкциялау және шағын орталықтар желісін кеңейту, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен ашылып жатыр.
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту саласында 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Оның ішінде Шымкент қаласын, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарын атап өтуге болады", - деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.
Бүгінде елімізде 11,6 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде.
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Астанада 20-ға жуық учаскеде тұрғын үйдің орнына әлеуметтік нысан салынады
Жаңалықтар
0