Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбы қаласына барады

© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Ресей президенттері
Қазақстан мен Ресей президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Жазылу
Тоқаев 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен бүгін Омбы қаласына барады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.
Форумның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ аймақтар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету.
Форумда көрмелер, кездесулер және елдер арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелері бойынша панельдік сессиялар сияқты бірқатар іс-шара өтеді. Қатысушылар сондай-ақ кең мәдени бағдарламаны тамашалай алады.
Алдыңғы ХХІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 2025 жылдың қарашасында Орал қаласында өтті. Екі елден жүздеген делегат ауқымды іс-шараға қатысты
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Қазақстан Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі - губернатор
Жаңалықтар
0