https://sputnik.kz/20260724/qazaqstan-omby-oblysynyn-negizgi-syrtqy-sauda-seriktesterinin-biri---gubernator-65156725.html
Қазақстан Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі - губернатор
Қазақстан Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі - губернатор
Sputnik Қазақстан
Виталий Хоценко тауар айналымының динамикасы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растайтынын айтты 24.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-24T10:55+0500
2026-07-24T10:55+0500
2026-07-24T10:55+0500
форум
омбы
ресей
https://sputnik.kz/img/07ea/07/18/65152696_0:14:1280:735_1920x0_80_0_0_f09caed8376bd1a991e0c987cd4da0fb.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. 24-25 шілдеде Омбыда ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.Ауқымды іс-шара қарсаңында Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевпен кездесті. Өңір үшін форумды үшінші рет өткізу үлкен мәртебе, деді Хоценко. Ол тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту мен аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын айтты.Сондай-ақ Қазақстанның Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала беретіні және сауда айналымының өсуі ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растайтыны айтылды."Бүгінгі диалог Ресей мен Қазақстан арасындағы берік достықтың іргетасын қалаудың тағы бір кірпіші іспеттес болатынына және елдерімізді тек нығайтатынына сенімдімін", - деді Хоценко Абаевпен кездесуде.Омбы форумға белсенді түрде дайындалып жатыр. 23-25 шілде аралығында қала телемұнарасының қасбетінде екі елдің туларымен қатар XXII Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумының логотипі көрсетіледі. Логотип кешке және түнде жанып тұрады.Омбы автобустары, троллейбустары және трамвайлары Ресей мен Қазақстанның туларымен безендірілген. Қала көшелерімен мемлекеттік рәміздер бейнеленген барлығы 219 көлік жүреді.
https://sputnik.kz/20260724/ombyda-khkhii-qazaqstan-resey-aymaqaralyq-yntymaqtastyq-forumy-bastalady-65146520.html
омбы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/18/65152696_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_5351cc3c860f9f1229dabb09134e7b32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум, омбы, ресей
Қазақстан Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі - губернатор
Виталий Хоценко тауар айналымының динамикасы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растайтынын айтты
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. 24-25 шілдеде Омбыда ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.
Ауқымды іс-шара қарсаңында Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевпен кездесті. Өңір үшін форумды үшінші рет өткізу үлкен мәртебе, деді Хоценко. Ол тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту мен аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын айтты.
"Форумның іскерлік бағдарламасына ерекше назар аударылды, оған логистика және өнеркәсіптік ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстелдер, жастар форумы, іскерлік кеңес отырысы, байланыстар биржасы және тақырыптық көрме кіреді. Кездесуден кейін сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық расталды", - деп хабарлады Омбы облысы үкіметінде.
Сондай-ақ Қазақстанның Омбы облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала беретіні және сауда айналымының өсуі ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растайтыны айтылды.
"Бүгінгі диалог Ресей мен Қазақстан арасындағы берік достықтың іргетасын қалаудың тағы бір кірпіші іспеттес болатынына және елдерімізді тек нығайтатынына сенімдімін", - деді Хоценко Абаевпен кездесуде.
Омбы форумға белсенді түрде дайындалып жатыр. 23-25 шілде аралығында қала телемұнарасының қасбетінде екі елдің туларымен қатар XXII Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумының логотипі көрсетіледі. Логотип кешке және түнде жанып тұрады.
Омбы автобустары, троллейбустары және трамвайлары Ресей мен Қазақстанның туларымен безендірілген. Қала көшелерімен мемлекеттік рәміздер бейнеленген барлығы 219 көлік жүреді.