Секундына 10 Гбит: Алматыдағы тұрғын үйлер жылдам интернетке қосылады

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуВышка сотовой связи
Вышка сотовой связи - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Жазылу
Қалада XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалада XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жаңа интернетке Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
"2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр", - дейді цифрландыру басқармасының мамандары.
Айта кетері, Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала болып отыр.
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды
Жаңалықтар
0