Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды

Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Жазылу
Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, жолаушылар перроны жаңартылды
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Ақмола облысында күрделі жөндеуден кейін Аршалы және Сарыоба теміржол вокзалдары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Екі вокзал да толығымен жаңартылды. Атап айтқанда, шатыр ауыстырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жасалды.
© Photo : Көлік министрлігіАқмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды
Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды
Сонымен қатар су, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері жаңғыртылды. Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, жолаушылар перроны жаңартылды. Жиһаздар мен құрал-жабдықтар да сатып алынды.
© Photo : Көлік министрлігіАқмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды
Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен екі вокзал ашылды
1945 жылы салынған Аршалы станциясы вокзалының аумағы жөндеуден кейін 150 шаршы метрден 225,33 шаршы метрге дейін кеңейсе, 1938 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Сарыоба вокзалының да аумағы 208,7 шаршы метрден 225,33 шаршы метрге дейін ұлғайды.
Солтүстік Қазақстанда күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Солтүстік Қазақстанда күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0