Елде бір аптада қияр мен картоп арзандады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКартофель на агровыставке
Картофель на агровыставке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы килограмына 502 теңгені құрады
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2026 жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарының бағасы төмендегені байқалды.
Бағасы ең көп төмендеген өнім - қияр, оның бағасы 4,3%-ға арзандады. Сонымен қатар қырыққабат (1,5%), картоп (1,4%), қызанақ (0,8%), алма (0,7%), пияз (0,4%), сүзбе (0,3%), күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз (0,1%) бойынша бағалардың төмендеуі байқалды.
"Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан, сүт (пастерленген, ультрапастерленген, 2,2%-дан 6%-ға дейінгі майлылықтағы стерильденген сүт), қаймақ және сары май бағасы өзгеріссіз қалды", - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы килограмына 502 теңгені құрады. Ең төмен баға Таразда тіркелді – килограмы 339 теңге.
Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы килограмына 533 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Қызылордада – 456 теңге және Ақтауда – 472 теңге болды.
Еліміз бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 283 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістанда тіркелді – килограмы 218 теңге.
Республика бойынша I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 564 теңгені құрады. Ең төмен бағалар Қызылордада (464 теңге) және Оралда (471 теңге) байқалды.
Ет өнімдері бойынша республикадағы орташа бағалар: сүйекті сиыр еті – килограмына 3 775 теңге, тауық еті – килограмына 1 758 теңге.
Продажа мяса на рынках Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Қазақстанда ет қымбаттады - Жұманғарин нарыққа талдау жүргізуді тапсырды
Жаңалықтар
0